«Дельфин» балалар үйі Тұңғыш Президент күнін атап өтті

2016 жылдың 30 қараша күні, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметі және еңбегімен таныстыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әлеуметтік құндылықтарға балаларды үйрету мақсатында Балалар үйінің педагогикалық ұжымымен мерекелік іс шара жоспарланып, өткізілді.

01_01_1 01_01_2

«Дельфин» балалар үйі ұжымы өздеріне тұрақты негізде қарым-қатынасты ұстап отыратын, әрқашанда қамқор болып, достық көңілмен мейірімділік танытатын қаламыздың Бас имамын, акционерлік қауымдастықтар және ұйымдардың өкілдерін, сонымен қатар ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс бастығы полиция капитаны М.С.Мурзагалеевті өздерінің шығармашылығымен, талантымен Ұлтымыздың көшбасшысына деген махаббаттарын, алғыстарын және сыйластығын білдірген мерекелік іс шараның сыйлы қонағы болуына шақырды. Шақырылған қонақтар балаларды шын жүрегімен осы мейраммен құттықтап, педагогтармен біріге отырып, олардың шығармашылығымен, тұрмыс тіршілігімен, спорттық және басқа да жетістіктерімен танысты.

01_01_3 01_01_4

Балалар үйінің меңгерушісі және ұжымы қонақтарға балаларға көңіл бөліп келгендеріне алғысын айтып, балалар Үйі ішінде экскурсия өткізіп, оның күн тәртібімен таныстырып, осы балалар мекемесінің күнделікті өмірі туралы мәлімет берді.

Академияның курсанты

Ұлбосын Маликова

 

,