«Тәуелсіздіктің – 25 жылдығына » орай өткізілген үстел теннисі

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 – курс курсанттары арасында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» орай қараша айының көлемінде « үстел теннисінен» спорттық сайыс өткізілді.

Өте тартысқа толы, қызықты әрі бір ай уақыт көлемін толық қамтыған бұл жарыста – Сүндет Бексұлтан, Серікбай Табысбек және Қарашев Арслан сынды курсанттар  ешкімге дес бермеді. Сүндет Б. өзінің шеберлігімен көзге түсіп, 3–ші орынды қанағат тұтса, Серікбай Т. жуытқыған жылдамдығы және шаң қаптырар шапшаңдығымен қарсыластарын қапыда қалдырып 2–ші орынға ие болды. Ал барлығынан басым түсіп, жеңіске деген жігерімен жеңісті жұлып алған Қарашев А. чемпион болды. Бұл спорттық іс – шараға

курс бастығы полиция майоры Кусеубаев А.Б те ат салысты. Курс бастығы Кусеубаев А  және курсант Қарашев А. арасында суперкубок сарапқа салынды. Өте тартысты өткен бұл бәсекеде курсант Қарашев А жеңіске жетіп кубокты иеленді.

Естеріңізге сала кетсек Кусеубаев А.Б академиядағы ең мықты стөл тенистшілерінің бірі саналады.

Тәуелсіздігіміз жасай берсін, спортымыз дами берсін!

30_09_1 30_09_2 30_09_3