Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орай 2016 жылғы 29 қараша күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 211, 212 және 314 оқу топтарының курсанттары Қостанай облыстық Л. Толстой атындағы кітапханада өткен іс-шараға қатысты. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың туып — өскен, оқып білім алған, еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру, Елбасының еңбек жолынанүлгіалып, еліне деген патриоттықсезімдерінояту, халқын сүюге, білімділікке тәрбиелеу мақсатында курсанттарға бірнеше бейнелер көрсетіліп, дәріс оқылды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев– тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Қазақ Кеңестік СоциалистікРеспубликасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайланды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған Қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген мәселелердің ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыруы — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті.

Елбасының бастамасымен тәуелсіз Қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды.

Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды.Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен Қазақ халқын ел етіп, елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Тұнғыш Президентінің маңдайына жазылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан қазақстандықтардың символына айнала білді.

30_08_1 30_08_2 30_08_3 30_08_4

Іс-шара соңында курсанттар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған көрмесін көріп қайтты.

30_08_5

30_08_6

314 оқу тобының кураторы

полиция капитаны В. Касенова

 

211,212 оқу топтарының кураторы

полиция майоры С. Байгабулова