Курсанттар мемлекеттік шекара күнін атап өтті.

Қостанайда мемлекеттік шекара күнін атап өтті. Шекарашылар мерекені мемлекеттік шекараны қорғаудағы қару жарақтар және техникалық құралдар көрмесі және концерттік бағдарлама түрінде тойлады.  Бұл мәдени іс-шара еліміздің барлық аумақтарында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін атап өту аясында әр күннің өз атауы болуымен ерекшеленетін «жұлдызды күн» атты акциясы бойынша өткізілді. Күнтізбенің 23 қараша күні «Мемлекеттік шекара» күні деп танылған. Бұл күні еліміздің барлық шекара қызметі, соның ішінде Қостанай облысының  шекара қызметі де ат салысты.

Қалалық балалар шығармашылығы үйінде өткізілген бұл мерекені Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясының 3 курс курсанттары тамашалап қайтты. Сонымен қатар, бұл мерекелік іс шараға ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының 6697 және 2031 әскери бөлімдері, кадеттік сыныптар, әскери патриоттық клубтар, ҚР ҰҚК шекара қызметінің ардагерлері келіп қонақ болды. Шекарашылар қонақтарына өз өнерлерін танытып, көрсетілімдерімен тәнті етті. Концерттік бағдарлама барысында Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нурмухамбетов шекараны қорғау бұл жауапты және құрметті тапсырма дей келе, Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетовтың атынан 11 шекара қызметметкерлерін және қала әкімі Базыл Жакуповтың атынан 5 шекара қызметкерлерін мемлекеттік шекараны қорғаудағы қосқан үлесі және әскери борышын өтеу кезіндегі мінсіз қызметтері үшін алғысхатпен марапаттады.

Концерттік бағдарламаның куәгері болған курсанттар бүгінде мемлекеттік шекарамыздың мән-мағынасының ауқымдылығы мен халықаралық саясаттағы биік орнын аңғарды.

 25_07_1 25_07_2 25_07_3