Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілуде

Мамандық таңдау мәселесімен өмірде әр адам кездеседі.  Жас түлектердің алдында — Қайда оқуға барсам? Қай саласында жұмыс атқарсам?.. деген сұрақтар туындайды. Өмірде қателеспейтін жағдайлардың бірі — ол мамандықты дұрыс таңдау.  Болашаққа деген нақты қадам және ол адамның өмір бойы сүйікті ісі болып қалады. Біздің іс-сапарымыздың мақсаты — келешек жастардың құқық қорғау органдарына деген құрметін қалыптастыру, жақсы, танымдық ой-пікірде қалдыру.

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы кәсіби бағдар беру іс-шараларына көп назар аударылады. Себебі, Академиясының басшылығының қолдауымен  үздік, білікті кадрлар қатарын тағы да толықтыру мақсатымен кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша бірқатар іс-шаралар қарқынды жүргізілуде.

25_01_1

25_01_2

Ағымдағы жылдың 18-20 қараша аралығында кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатымен Қостанай облысының Сарыкөл ауданына шығу іс-сапары ұйымдастырылды. Агитация жүргізу барысында Агробизнес және құқық бойынша Сарыкөл колледжі, Сарыкөл орта мектебі, Веселоподол және Севастополь орта мектептері объектілеріне, студеттерімен оқушыларға шолу өтті.

Сарыкөл аудандық ішкі ісет бөлімі қолдауымен — бастығы полиция подполковнигі Рахметжанов К.С., бастығының орынбасары Поппель В.С. және де Агробизнес және құқық бойынша колледж директордың орынбасары Идрисова Р.Ғ., Сарыкөл орта мектебінің завуч Абакумова Н.Н. бірге — оқушылар мен студенттерге жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылуға көмек бергені үшін алғысымызды білдіреміз.

25_01_3

Кездесу барысында оқушылар мен студенттердің назарына Академияның тарихы және жеткен жетісітіктері, курсанттардың тұрмыс-тіршілігі, спорттық, мәдени, ғылыми өмірі жайлы бейнебаяндар, слайдтар ұсынылды.

25_01_4

Осы іс-сапарымызда көзделген мақсатымызға қол жеткізідік деп есептейсіз. Жалпы білім беретін мекемелерде кәсіби бағдарламалық жұмыс нәтижелері мектеп және колледж түлектерінің құқық қорғау саласында дұрыс әрі нәтижелі таңдау жасауының кепілі. Осындай іс-шаралардың арқасында болашақта академиямызда білім алатын курсанттардың саны арта түседі деп ойлаймыз.

25_01_5

25_01_6

Академия қызметкері

Ж.С. Бухметова

КОФ 3 курс курсанты

Қ. Бакатова