Арқалық қаласындағы кәсіби бағдарламалық жұмыс

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жедел іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция полковнигі Исин Адильжан Багитжанович және күндізгі оқыту факультетінің курсанттары полиция қатарындағы Ильясов Руслан Сакенович, полиция сержанты Назымбек Жанайым Бауыржанқызы, полиция қатарындағы Сақтапберген Айбат Сағдатұлы Қостанай облысы Арқалық қаласы бойынша ІІБ қызметкерлерімен бірге 10.11.16 ж – 13.11.2016 ж аралығында Арқалық қаласы және аудандарда орналасқан жалпы орта мектептерінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді.Орта мектептерінің жалпы 552-ден астам 10-11 сынып оқушыларымен, сонымен қатар колледж студенттерімен кәсіби бағдарламалық жұмыстар жүргізіліп, кездесулер ұйымдастырылды.
Бұл өткізілген іс — шараға Қостанай облысының Арқалық қаласының ІІБ қызметкерлерінің көрсеткен еңбегі зор. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарында 2017 жылғы түлектерге Қостанай академиясына оқуға түсу туралы мағлұматтар айтылды. Студенттер мен оқушылар назарына Академия туралы түсірілген қысқа метражды бейне баяндар көрсетіліп, оқу орны  жайлы толықтай ақпарат беріліп, еркін пікір алмасу жүзеге асырылды.

Жалпы білім беретін мекемелерде кәсіби бағдарламалық жұмыс нәтижелері — мектеп және колледж түлектерінің құқық қорғау саласында дұрыс әрі нәтижелі таңдау жасауының кепілі. Осындай іс-шаралардың арқасында болашақта Академиямызда білім алатын курсанттардың саны арта түседі деп ойлаймыз.

Күндізгі оқыту факультетінің 3 курс курсанты полиция сержанты

Назымбек Жанайым Бауыржанқызы

24_03_1 24_03_2 24_03_3 24_03_4 24_03_5 24_03_6