Академияда кәсіптік бағдар беру жұмысы әлі жалғасын табуда

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқыту сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесінің бастығы полиция майоры Қ.Ө.Қарабеков және Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаменті кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы әділет майоры И.И. Нокинамен бірге 2016 жылдың 18 – 19 қараша күндері Қарағанды қаласында орналасқан жалпы білім беретін орта мектептерде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығының қолдауымен  үздік, білікті кадрлар қатарын толықтыру мақсатымен, әр облыстардың, қалалардың білім беретін мекемелерінде оқитын көптеген оқушылармен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша бірқатар іс-шаралар қарқынды жүргізілуде.

Жалпы және орта білім беретін мекемелерде кәсіптік бағдар беру жұмысын нығайту мақсаты бойынша Академиямыздың бастығы заң ғылымдарының кандидаты, профессор, полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы Қызыловтың бұйрығымен Академия оқытушыларын және қызметкерлерін қызметтік іссапарға жіберу жоспарланған.

2016 жылғы қараша айының 18, 19 күндері Қарағанды қаласында орналасқан жалпы білім беретін орта мектептерде және №2 лицейде кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілді.

Мектеп түлектеріне Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына қабылдау тәртібі мен талаптары таныстырылды. Академия туралы ақпарат презентациялар, бейне жүгіртпелер және деректі фильм түрінде ұсынылды. Қарағанды қаласы бойынша келесі жалпы білім беретін орта мектептер қамтылды: Академик Е.А. Бөкетов атындағы №52 ЖББОМ, №41 ЖББОМ, №10 ЖББОМ, №48 ЖББОМ, Н.Нұрмақов атындағы арнайы мектеп-интернаты. Сонымен қатар №2 лицей білім алушыларына да кәсіби бағдарлау жүзеге асырылды.

Оқушыларды Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсуге шақыра отырып, оқуға қабылдану тәртібі мен талаптары толық түсіндіріліп өтті. Оларға біздің оқу орны жайлы қысқа бейне фильмдер, презентациялар көрсетілді. Сонымен қатар Академияның қазіргі таңдағы жетістіктері мен артықшылықтары туралы айтылды. Оқушыларда оқу орнына түсуге қатысты мәнді де орынды сұрақтар болды. Бұл сұрақтарға Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқыту сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесінің бастығы полиция майоры Қ.Ө.Қарабековпен және Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаменті кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы әділет майоры И.И. Нокинамен дәл және нақты жауаптар берілді. 2016 жылғы қараша айының 18, 19 күндері Қарағанды қаласында -31 градус аяз болғанымен 250-ге жуық мектеп түлектері мен лицей білім алушылары кәсіби бағдарлау бойынша ақпаратпен қамтамасыз етілді.

Бұл өткізілген іс-шараға  аумақтық Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаменті кадр жұмысы бөлімі қызметкерлері көп үлес қосты. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында 2017 жыл абитуриенттеріне Қостанай академиясына оқуға түсу туралы толық мағлұматтар айтылды. Студенттер мен оқушылар назарына Академия жайлы түсірілген қысқа метражды бейне фильмдер ұсынылды, оқу орны туралы толық таныстырылып, қажетті ақпараттар мен байланыс телефондары қалдырылды.

Қарағанды қаласында орналасқан жалпы білім беретін орта мектептерде және №2 лицейде кәсіби бағдарлау жұмыстарының фотоесебі

 23_05_1 23_05_2 23_05_3 23_05_4 23_05_5 23_05_6 23_05_7 23_05_8 23_05_9 23_05_10 23_05_11 23_05_12 23_05_13 23_05_14 23_05_15 23_05_16 23_05_17