Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Елбасым – менің мақтанышым» атты мерекелік іс-шара  

2016 жылғы 18 қазан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған Қазақстан Республикасы ІІМ  Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты тыңдаушылардың халық мәдениетіне деген қызығушылығын оятып, отан сүйгіштікке тәрбиелеу, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қазақ елінің туын көтерген мәртебелі және тұғырлы тұлғасы – тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне  қалыптастыру үлкен рөлі бар туралы айтылды.

22_02_1

Нұрсұлтан Әбішұлы – жер бетіне сөзін өткізіп отырған бүгінгі заманның көрнекті саясаткері, Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуді халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, бүгінге әлем мойындап отырған жаңа мемлекетті қалыптастырған, оған жаңа Астана жасап, жаңа қала тұрғызған, қазіргі елді индустрияландырудың жаңа жобасын өмірге әкеліп, болашаққа бағыттап бара жатқан ұлы тұлға, төрт құбыланы түгендеп, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген, қасиет дарыған қайраткер. Президентіміз мемлекеттін, елдің ақыл-ойын байытуға, абыройын асыруға, ар – ожданы ардақтауға қызмет етті және қызмет етіп келеді.

22_02_2

Іс шараға қатысушы 205-топ курсанты, полиция кіші сержанты Е.Джакипов: «Елбасы – ол ең алдымен халықтың бетке ұстар мақтанышы. Елдің бейбітшілігі мен егемендігінің тірегі. Мен үшін Н. Назарбаев үлгі тұтар тұлға. «Болмасаңда ұқсап бақ» — деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, Елбасының адамгершілік, көшбасшылық қасиеттерін өз бойыма сіңіруге тырысамын.Бүгінгі іс-шара барысында біз Н. Назарбаевтың өмірі мен халқының алдындағы мінсіз қызметінен сабақ алдық».

Іс-шара соңында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны туралы «Назарбаев.Live»  деген деректі фильм көрсетілді. Фильм Елбасының тәуелсіздік пен еліміздің өркендеуіне, дамуына қосқан зор үлесін насихаттауға бағытталған.  Іс-шара өз мақсатына жетті.

Ерик Акимжанов

205 оқу тобының кураторы

полиция майоры