Жеңімпаз курсанттар

Жайдарманда «Жаңару маусымы» 2016 жылдың ақпан айында басталып,Маусымашар фестиваліне 30 команда қатысты және «Ішкі істер құрамасы» осылардың қатарында. 2016 жылдың 17 қараша күні, сағат 18:00 Қостанай қаласы, Балалар шығармашылық үйінде, «Қазақстан КТК одағы» РЖҚБ «Қостанай КТК» филиалының ұйымдастыруымен Республикалық «Торғай» орталық лигасының финалдық ойыны өтті. «Жаңа маусым — жаңару» жаңалыққа толы. Ерекше тартысты болған ойын шын мәнінде де жаңалыққа толы болды. Кеш жүргізушісі: «Қазақстан КТК одағы» РЖҚБ «Қостанай КТК» филиалының директоры Бәкір Марғұлан, бас редактор Кәрім Қасиет.

21_02_1

Қатысушы топтар:

1.«Көшіп келгендер» Қостанай ауданы, Семёнов ауылы;
2.«Ару.kz» Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты;

3.«Сөз жетпес» Еркін құрама;

4.«Жаңа ғасыр» Рудный әлеуметтік гумманитарлық колледжі;

5.«Ішкі істер құрамасы» ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы.

Жалпы тақырып–«Жаңа маусым — жаңару». Тақырыбы:«Жаңалық ашқалы» Жоғары ұпай– 5. Қазылар алқасы құрамында 5 қазы отырды, айта кетсек олар:  1. Қостанай облысы әкімдігі, мәдениет басқармасының басшысы – Ерлан Қалмақов 2. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, профессор — Әбіл Еркін Аманжолұлы 3. Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бас маманы — Ақмарал Ерканқызы 4. Автор, редактор — Орынбай Әлиев 5. Жас әнші, айтыскер ақын-Нұрболат Қадыров. Осы ойынға ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Ішкі істер құрамасы»  қарқынды дайындықпен барып,5 команданың арасынан суырылып шығып,жеңімпаз атанды.

21_02_2

Енді бұл командамыздан күтетініміз Астана қаласында Республикалық жайдарманға қатысып, эфирден көруге тілектеспіз!