Әзілде кек жоқ, Күлкіде шек жоқ…

2016 жылғы 17 қарашада Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Балалар шығармашылық үйінде Қостанай облысының барлық аймағынан жиналған лига командаларының арасында Қостанай облысы бойынша  Орталық Торғай лига финалдық жайдарман ойыны өтті. Бұл ойын ақтық мәре болды, жайдарманшылар осы ойынға дейін бір жыл бойы сыңға түскен болатын. Ағымдағы жылы маусымашар ойынына 30 команда қатысқан болатын. Ақтық мәреге 1/8, ¼ және де жартылай финал ойындарының қорытындысы бойынша 5 команда жолдама алды.

18_03_1

Осы жайдарман финалдық ойынына Жангельдин ауданының «Сөзжетпес» командасы,  ҚР ІІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Ішкі істер құрамасы» қомандасы, Рудный қаласының «Жаңа ғасыр» атты командасы, Арқалық қаласының «Ару.кz» командасы және Семенов ауылының «Көшіп келгендер» атты командалар қатысты.

18_03_3

Жайдарман ойыны «Сөзжетпес» командасының әзілдерімен басталды. Семенов ауылынан келген кішкентай ойыншылардың шеберлігі, сахнадағы өнері көрерменді бейжай қалдырмады. Ал біздің Академиямыздың командасы өзінің шебер ойыншы және нағыз талантты жайдарманшы екенін көрсетіп, жайдарман сахнасында жеңіс туын желбіретіп, жүлделі бас орынға ие болды.

18_03_4

18_03_7

18_03_5

«Ішкі істер құрамасы» қомандасының құрамы Академияның барлық курстарының құрамынан құрылған. Бір жылдық тарихы бар «Ішкі істер құрамасы» командасы облыстық Рудный лигасында 3 орынға ие болды, Республикалық «Солтүстік Мұзды кубогінің» және «Студенттік көктем-2016» фестивалінің жеңімпаздары атанды.

Команданың құрамында республикалық деңгейдегі беделді ойыншылар бар: 3 курс курсанты полиция қатарындағы Есенов Нұрым, 4 курс курсанты полиция қатарындағы Исмурзина Айдана және 4 курс  курсанты полиция қатарындағы, команда капитаны Асанов Бақдаулет.

18_03_10

18_03_6

18_03_2

18_03_11

Жайдарман ойындарының деңгейінің өскендігі болар, залға көрермен көп жиналды. «Ішкі істер құрамасы» командасына жанкүйер болып келген 3 курс курсанттары осындай әсерлі ойынға тәнті болғанына өте қуанышты екендіктерін жеткізді.

18_03_9

«Ішкі істер құрамасы» қомандасынан күтеріміз әлі де көп, Қостанай академиясының атын Қазақстанға танымал етеді деген ниеттеміз бен тілегіміз бар.

18_03_8

314 оқу тобының кураторы

полиция капитаны В.С. Касенова