Тәуелсіз Қазақстан пойызы біздің қалада.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай арнайы Астана қаласынан 7-ші қараша күні бастау алған «Тәуелсіз Қазақстан пойызы» Қостанай қаласына келуіне байланысты, қараша айының 13 күні Елубай Өмірзақов атындағы филармонияда концерттік іс-шара өткізілді.
Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 курс курсанттары да қатысты.
Аталмыш іс-шараға қоғам қайраткерлері және делегаттар, облыс басшылары қатысты.
Концертте керемет қойылымдар қойылып, ән мен жырдан шашу шашылып, көтеріңкі көңіл күйдегі нотамен аяқталды.

2 курс курсанты
Тұрсынбай Думанжан

15_04_1 15_04_2 15_04_3