«Біз ғұмыр бойы оқып өтеміз»

2016 жылғы 11-қарашада 104 және 105-оқу топтарының кураторлары қазақ халқының ерен тұлғасы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175-жыл толуына орай «Біз ғұмыр бойы оқып өтеміз» тақырыбында куратор сағатын ұйымдастырып, өткізді.

14_05_1

Елбасы Нұрсұлтан Назабарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринді Қазақстанның халық ағарту ісінің пайғамбары деп бағалаған болатын. Ол қазақ халқын алғаш білім алуға шақырған ұлы ұстаз, жазушы болды.

Кураторлық сағаттың мақсаты – курсанттарға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгіме құрып, оның бай әдеби мұрасын насихаттауға келіп саяды.

14_05_2

Ыбырай Алтынсарин еңбегін бір ауыз сөзбен бағалау мүмкін емес. Ол қазақ халқының көзі ашық сауатты болуын қалады, өзінің бүкіл өмірін осы жолға сарп етті. Оның бастамасымен Қазақстанда алғаш халық мектептері құрылды, 13 оқу орны ашылды. Ыбырай Алтынсарин орыс әріптері негізінде қазақтың тұңғыш әліппесін жазды. Оның шығармаларының алтын арқауын Отанға, халыққа, табиғатқа деген сүйіспеншіліктен тұратын туындылары құрады. Ол достық туралы көп жазған. Ыбырай Алтынсарин қазақ тілінде алғаш жазылған «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақстарға орыс тілін үйретудің бастаушы құралы» оқулықтарының, әңгімелер мен мысалдардың авторы болып табылады, сондай-ақ ол Л.Н. Толстой, И.А. Крылов шығармаларын қазақшаға аударған алғашқы тәржімашылар тобына кіреді. Жүзден аса үлкенді-кішілі әдеби шығармаларын, соның ішінде 35 өлең туындылары, 50-ге тарта әңгіме әрі көптеген халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жасады.

14_05_3

Куратор сағаты барысында курсанттар «Тұлғаның тарихы», «Олар алғашқы еді…», «Қазақстан — ұлттық энциклопедия» кітаптарымен танысуға мүмкіндік алды. Онда ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы сөз болады. Сонымен қатар курсанттарға «Ыбырай Алтынсарин: өмір жолы» атты бейнефильм көрсетілді.

Ыбырай Алтынсариннің көпқырлы шығармашылығы мен қоғамдық қызметінің өзегі қазақ халқын әлемдік мәдениетке, халықтар арасындағы достыққа шақыруға бағытталған. Ол шын мәнінде өз отанының патриоты болды. Ыбырай Алтынсарин үлкен шығармашылық ерлік жасаған тұлға десе де болады, оның бүкіл күш-жігері мен қуат-қайраты қазақ халқын ағарту ісінде үлкен рөл атқарды.  Оның тәрбие мен ағарту ісіндегі еңбегі ересен зор.

14_05_4

Қорытындылай келе, осындай игілікті шаралар курсанттар бойында қазақстандық патриотизмді, еліне сүйіспеншілікті, ата-бабалардың тарихи мұрасына деген құрметін қалыптастыруға бағытталатындығын айтып өткіміз келеді.

Анна Медведева.

105 оқу тобының кураторы,

полиция капитаны

Алмагүл Сағалиева

104 оқу тобьының кураторы,

полиция майоры

«Мы учимся, пока живем…!»

 

11 ноября 2016 года кураторами 104 и 105 учебных групп  организован и проведен кураторский час на тему: «Мы учимся, пока живем…!», посвященный 175-летию со дня рождения великого сына казахской степи и казахского народа Ибрая Алтынсарина.

В своей книге «В потоке истории» Глава государства Нурсултан Абишевич Назарбаев назвал великого просветителя Ибрая Алтынсарина первым апостолом народного просвещения Казахстана. Это выдающийся казахский педагог, писатель, человек, который положил начало обазованию казахского народа.

Цель кураторского часа — рассказать курсантам о жизни и творчестве писателя, пропагандировать его богатое литературное наследие.

Заслуги Ибрая Алтынсарина трудно переоценить. Он искренне желал просвещения казахского народа и посвятил этому всю свою жизнь. По его инициативе в Казахстане была создана сеть народных школ, ему удалось открыть 13 учебных заведений. Ибрай Алтырсарин также создал первый казахский алфавит на основе кириллице. Его произведения воспевают любовь к Родине, народу и природе. Он писал стихи о любви, о дружбе, о поэзии. Ибрай Алтынсарин является автором первых казахских учебников: «Казахская хрестоматия» и «Начальное руководство к обучению казахов русскому языку», автор басен и рассказов, а также переводов Л.Н. Толстого, И.А. Крылова. Им было создано более ста больших и малых литературных произведений, среди них 35 стихотворений, 50 рассказов и много других образцов казахского фольклора.

В ходе кураторского часа курсанты имели возможность ознакомиться с энциклопедиями «Исторические личности», «Они были первыми…», «Казахстан: национальная энциклопедия», которые рассказывают о жизни и творческой деятельности выдающегося педагога. Вместе с тем, курсантам также был продемонстрирован видеофильм «Ыбрай Алтынсарин: өмір жолы».

Многогранная творческая и общественная деятельность Ибрая Алтынсарина была направлена на приобщение казахского народа к прогрессивной мировой культуре, укреплению дружбы между народами. Он был настоящим патриотом своей Отчизны. Ибрай Алтынсарин совершил настоящий творческий подвиг и его титанические усилия сыграли огромную положительную роль в просвещении казахского народа. Его заслуги в области воспитания и просвещения бесценны!

В завершении необходимо отметить, что подобные мероприятия, направлены на формирование казахстанского патриотизма курсантов, чувства гордости за свою страну, уважительного отношения к историческому наследию наших предков.

Куратор 105 учебной группы
капитан полиции

Анна Медведева

Куратор 104 учебной группы
майор полиции

Алмагуль Сагалиева