Тарихтың қайнар көзі-мұражай.

Қарашаның 6-сы күні, яғни айдың бірінші жексенбісінде, 306-топ өзінің топ жетекшісімен Кинжебаева Лилия Токшылыққызымен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына бару мақсатымен сейілдемеге шықты.

Курсанттар экскурсияның басынан бастап қызығушылық танытты. Өлкетану мұражайында тарихтың қырлы-сырлы экспонаттары көрмеге шығарылған. Мұражайдың қазіргі экспозициясының негізгі бөлімдері: «Өлкенің ежелгі тарихы» археология залы, «Өткеннің тылсым тіршілігі» (2008 жылы ашылды) палеонтология залы, «Қостанай облысының табиғат байлықтары», «Туған жер тарихы», «Өлке халықтарының мәдениеті мен тұрмысы», «Қостанай қаласының тарихы», «Қостанай облысының тарихы», «Қостанай облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» (екі зал), «Қостанай жерінің мақтаныштары» (2008 жылы ашылды) залдары, сонымен қатар мұражайдың көрме залы. Қазіргі кезде мұражай экспозициясында 109 мыңнан астам экспонаттар сақталуда.

08_01_1

08_01_2

08_01_3 08_01_4

Дереккөздер облыстың ежелгі тарихынан бастап, қазіргі уақытқа дейін ауқымды ақпарат береді. Мұражайдың қызметкерлері анық, зор ақпарат берді. Мұражайдың қабырғасында өңірдің флора мен фаунасы, ежелгі дәуір жануарлардың сүйектері, ежелгі адамның қоныстары, бұйымдары, географиялық ландшафты, жер қазба байлықтары, орта ғасырдың  киім-кешектері, сауданың түрлері, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соғыс тарихы, жаңа ғасырдағы алаш зиялылары. Курсанттардың ең көз қызықтырған көрмелердің бірі, ғарышта болған АҚШ және Қазақстан тұлғалары.

08_01_5

08_01_6

08_01_7

Көрмеден кейін 306-топ курсанттары өздеріне ой үшін азық алып, Қостанай өңірінің тарихымен терең танысып, бір-бірімен пікір бөлісті.

3 курс курсантты Ғазизов Әділ