Кәсіби бағдарламалық жұмыстары қарқынды жүруде!

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының басшылығының қолдауымен  үздік, білікті кадрлар қатарын тағы да толықтыру мақсатымен, әр облыстардың білім беретін мекемелерінде оқитын көптеген оқушылармен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша бірқатар іс-шаралар қарқынды жүргізілуде.

Жалпы және орта білім беретін мекемелерде кәсіптік бағдар беру жұмысын нығайту мақсаты бойынша Академиямыздың бастығы полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы Қызылов Академия оқытушыларын және қызметкерлерін қызметтік іс сапарға жіберді. 2016 жылғы қазан айының 25-27 аралығында Қызылорда және Тараз қалаларында бұл бағытта жұмыс жүргізілген. Қызылорда, Тараз  қаласы орта мектептерінің жалпы 600-ден астам 9-11 сынып оқушыларымен сонымен қатар колледж студенттерімен кәсіби бағдарламалық жұмыстар жүргізіліп, кездесулер ұйымдастырылды.

Бұл өткізілген іс шараға  аумақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кадр жұмысы бөлімі қызметкерлерінің көрсеткен еңбегі зор. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары 2017 жыл абитуриенттеріне Қостанай академиясына оқуға түсу туралы мағлұматтар айтылды. Студенттер мен оқушылар назарына академия жайлы түсірілген қысқа метражды бейне баяндар көрсетіліп, оқу орнымыз жайлы толықтай таныстырып, еркін пікір алмасты. Кәсіби бағдарламалық жұмыстарын жүргізген Ажар Маратқызының сөзі бойынша:

«Өткізілген бұл іс сапарымыз, алтын уақытымыз текке кетпеді деген үміттемін. Жалпы білім беретін мекемелерде кәсіби бағдарламалық жұмыс нәтижелері мектеп және колледж түлектерінің құқық қорғау саласында дұрыс әрі нәтижелі таңдау жасауының кепілі. Осындай іс-шаралардың арқасында болашақта академиямызда білім алатын курсанттардың саны арта түседі деп ойлаймын».

Қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны А.М. Ғалым

07_01_1 07_01_2 07_01_3 07_01_4 07_01_5 07_01_9 07_01_8 07_01_7 07_01_6