Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы бойынша оқытудың интерактивті әдісі.

2016 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы пәнінен  «Қылмыстық құқық бұзушылықтың көптігі» атты тәжірибелік сабақ өтті.Қылмыстық,қылмыстық­­‑атқару және криминология кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Кожахмет А.С  210 оқу тобымен бірге «Сот отырысы» атты рөлдік ойын өткізді.

03_06_1

Сабақ өту барысында қылмыстылықтың көптілігі ғана емес,сондай-ақ қылмыстың қайталануы, жиынтығы, бірнеше рет жасалуы қылмыстар және «Қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы,қылмыстық жауаптылық және оның негізі», «Қасақана қылмысты жасау сатылары» «Қылмыстық құқық бұзышылыққа қатысушылар» тақырыптары бекітілді. Сот отырысы барасында оқу тобы курсанттары келесі мәселелерді шешуі керек болды: қылмыстық құқық бұзушылықтағы күдіктілердің іс- әрекеттерінде қылмыс құрамы болды ма,  қылмыстық іс-әрекетті болдырмайтын мән- жайлар орын алды ма және қатысушылардың іс- әрекеттерінде олардың кінәлілігін растайтын мән-жайлар, сондай-ақ олардың іс- әрекеттерін дұрыс саралау мәселелері талқыланған болатын.

03_06_2

03_06_3

Осындай сабақтарды ұйымдастыру курсанттарға зор қызығушылық туғызуға, олардың білім сапасын арттыруға және біліктілік деңгейін көтеруге осындай тәжірибелік сабақтар үлкен септігін тигізеді.

Сабақ аяғында курсанттар тәжірибе мен теориянның байланысы ішкі істер органдарында  жоғары деңгейдегі мамандардың құрылуына үлкен әсер тигізетінін атап өтті.

 

 

 

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және

криминология кафедрасының

оқытушысы полиция капитаны Кожахмет А.С.