Ғалымдардың қатарына қосылғалы тұрған жас ғалым

 03_05_1

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының тапсырысы бойынша 2013-2016 жылдары аралығында  сол кездегі Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы  полиция капитаны Кайнар Ерболат Ержанұлын Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының доктарантурасына жіберілген болатын. 2016 жылы 4 – шілдеде аталған доктарантураны шартқа сәйкес академиямызға қайта оралған болатын.

Қазіргі таңда Кайнар Ерболат Ержанұлы полиция майоры шенінде Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы лауазымында қызмет атқарып, кафедраның жетекші «Қылмыстық процесс» пәні бойынша сабақ береді.

 2016 жылы 21 қазанда ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Диссертациялық кеңесінің жиыны өтіп, полиция майоры Е.Е.Кайнардың «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесіндегі ұйымдасқан қылмыстылықпен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері» атты докторлық диссертациясы талқылаудан өтіп, қорғау күні  2016 жылдың қараша айының 30 — ші күніне белгіленді.

Қорғаудың өтетін орны: Қарағанды қаласы Ермеков көшесі 121 ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы.

 

         Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы