Курсанттардың ардагерлер кеңесінің төрайымы мен кездесуі.

Бүгін 1-курс курсанттары ардагерлер кеңесінің төрайымы полиция полковнигі Зюбанова Татяна Николаевнамен кездесті. Зюбанова Татяна Николаевна 1993 жылдан бастап ҚР ІІМ  Қостанай арнайы орта мектебі құрылғанға дейін және кейін қандай қызықтар мен қыйыншылықтар болғандығын ашық айтты.Академия осындай дәрежеге қалай жеткенін және қазіргі курсанттардың бақытты екендігін түсіндірді. Басынан өткен қызықты оқиғаларды айтты, курсанттар қызыға да сүйсіне де тыңдады. Сөзінің соңын курсанттарға шыдамдылық пен төзімділік тілеумен аяқтады.

   03_02_1

03_02_2

03_02_3

1-курс курсантты полиция катарындағы Ахметов Д.С.