Ардагерлерлермен кездесу

Үстіміздегі жылдың 1 қарашасында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Ардагерлер күні мерекесіне орай ғылыми және педагогикалық магистратураның 1 және 2 курс магистранттары ІІО ардагерлері, философия ғылымдарының докторы, профессор Сафар Әбдіғалиұлы Қалдыбаевпен, заң ғылымдарының кандидаты Ким Александр Ивановичпен кездесті. Кездесу барысында ардагерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, ғылымға келген жолдары жөнінде әңгіме қозғады. Өз кезегінде Сафар Әбдіғалиұлы магистранттарға алтын уақыттарын тиімді пайдалана білуге, ғылым тілі-ағылшын тілін жетік меңгеруге шақырды.

Магистранттар көкейлерінде жүрген сауалдарын ортаға салып, толғандырған сұрақтарына жауап алды. Диссертацияларына қатысты құнды кеңестер де берілді.

Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы ардагерлеріміздің арқасы. Өткен мен бүгінді байланыстыратын алтын көпір де осы ардагерлеріміз демекпін. Осындай кездесулер бұдан әрі де жалғасын таба бермек.

Магистратура аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры Г. Едресова

 

 02_01_1

02_01_2 02_01_3 02_01_4 02_01_5