АКАДЕМИЯДА БАСЫЛЫП ШЫҒАТЫН ЖУРНАЛДЫ ЕСЕПКЕ ҚОЮ ТУРАЛЫ ТАҒЫ БІР КУӘЛІК АЛЫНДЫ

Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына сәйкес мерзімді баспасөз басылымын есепке қою туралы куәлік бұқаралық ақпарат құралы өнімін шығару, ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуды жүзеге асыруға негіз болып табылады.

2002 жылдан бастап Академияда «Ғылым» ғылыми журналы басып шығарылады.

«Академия: Міндет, Абырой, Ерлік!» журналы осы жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетіне есепке қойылды (2016 жылға 21 қыркүйектегі № 16138-Ж куәлігі).

29_02_1

Бас редакторы — Академия бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор полиция полковнигі Қызылов Мирлан Ахмедияұлы.

Журналдың тақырыптық бағыты ақпараттық бағыт болып табылады, онда Академияның күнделікті тіршілігі, курсанттық өмір, Академиядағы маңызды оқиғалар туралы мақалалар жарияланады.

Журнал тоқсан сайын басылып шығады, материалдарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жариялауға болады.

Журналдың әр нөмірі Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханаларына және уәкілетті органға, яғни Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетіне жолданатын болады (ҚР «БАҚ туралы» Заңының 16 б. 1 б.).

Құрметті әріптестер мен курсанттар, «Академия: Міндет, Абырой, Ерлік!» журналы бойынша айтылған сіздердің ұсыныстарыңызды үлкен ризашылықпен қабылдаймыз.

 

ПОЛУЧЕНО ЕЩЕ ОДНО СВИДЕТЕЛЬСТВО О ПОСТАНОВКЕ

НА УЧЕТ ЖУРНАЛА, ИЗДАВАЕМОГО В АКАДЕМИИ

 

Согласно Закону Республики Казахстан от 23 июля 1999 года  «О средствах массовой информации» свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания является основанием для осуществления выпуска продукции средства массовой информации, распространения сообщений и материалов информационного характера.

В Академии с 2002 года издается научный журнал «Ғылым».

В этом году журнал «Академия: Міндет, Абырой, Ерлік!» поставлен на учет в Комитете государственного контроля в области связи, информатизации и средств массовой информации Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан (свидетельство № 16138-Ж от 21 сентября 2016 года).

Главным редактором является начальник Академии, кандидат юридических наук, профессор полковник полиции Кызылов Мирлан Ахмедиевич.

Журнал имеет информационную направленность, в нем освещаются вопросы жизнедеятельности Академии, курсантская жизнь, значимые события в Академии.

Журнал будет издаваться ежеквартально, материалы можно публиковать на казахском, русском и английском языках.

Каждый номер журнала будет направляться в национальные библиотеки Республики Казахстан и уполномоченный орган, т.е. в Комитет государственного контроля в области связи, информатизации и средств массовой информации МИК РК (п. 1 ст. 16 Закона РК «О СМИ»).

Уважаемые коллеги и курсанты, с благодарностью примем ваши предложения, высказанные по журналу «Академия: Міндет, Абырой, Ерлік!».