«Заң және тәртіп» дебат  клубының жаңа жетістіктері

2016 жылдың 21 қазанында Қостанай мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратында «НұрОтан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастыруымен дебат турнирі өтті. Турнирге біздің Академия атынан 1 курс курсанттары мен олардың жетекші топ басшылары 4 курс курсанттары қатысты.

1 курс курсанттары өздерінің алғашқы ойындарында өздерінің алғырлықтарымен жүйріктіктерін көрсетті. Сөз жүйріктерінің сайысында өздерінің сөзге шешен жан-жақты екендерін дәлелдеуге тырысқан біздің курсанттар 3 орын алды.

Біздің бұл сайыстағы тақырыптарымыз әртүрлі болды. Мысалы, Байқоңырдың жалға берілуі, құрамында спирті бар ішімдіктер мен темекі өнімдерінің бағасын көтеру және Швейцариядағы «Дигнитас» орталығының жұмысы жайлы және осы секілді тағы 2 тақырыпта пікірталас ойыны жүргізілді .Әрбір тақырыпта ойыншылар өз ойларын және осы такырыптар жайында мағлұматтар айта кетті.

25_01_1

 Осы болған тақырыптардың ішінде жартылай финалда және финалдық ойында ойнатылған тақырыптар қызу талқыға түсті. Жалпы ойын қорытындысы бойынша барлық ойыншылар өздерінің сөзге шебер екендіктерін көрсетті. Ал біздің курсанттар үшін бұл жаңа бастаулардың бір баспалдағы болды. Олар осы сайыс арқылы өздеріне тәжірибе жинақтады. Өздерінің алғашқы ойындарында  жақсы көрсеткіш көрсетіп 3 орынға ие болды. Біздің курсанттарымыз келесі жарыстарда осы көрсеткіштернде жоғары көтерілетіндеріне сенімдіміз.

Осы дебат турнирі жақсы деңгейде өткеніне сенімдіміз. Барлық қатысушылар өздерінің дайындықтарының жақсы деңгейде екендігін көрсетті.

 

1 курс курсанттары

   ҒЗжРБЖҰ бөлімі