Ұлттық мұражай біздің қалада.

2016 жылғы қазан айының 22-күні ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 курс курсанттары қала орталығындағы Ы.Алтынсарин мұражайына Астана қаласындағы «Ұлттық мұражайдан» әкелген «Алтын адам» экспонатын көріп тамашалауға барды. Мұражай қызметшілері курсанттарды жылы жүзбен қарсы алды. Курсанттарды әуелі зал орталығында тұрған негізгі экспонат «Алтын адам» мүсінімен таныстырды. Ол жайлы барлық мәліметтерді айтып, тарихын есімізге салып, «Алтын адам» сыртқы көрінісін және дизайнын түгелдей түсіндіріп берді.
Содан кейін курсанттар өз бетінше Ы.Алтынсаринмен байланысы бар бүкіл мұражай бұйымдарын көріп, аралап, танысып шықты.

24_05_1

24_05_2

 

2 курс курсанты

Тұрсынбай Думанжан