Көңілді тапқырлар клубы.

2016 жылғы қазанның 23-күні ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 курс курсанттарының арасында «Көңілді тапқырлар клубы» сайысы өткізілді.

24_04_1

Сайыс негізінен, бірнеше кезеңнен тұрды. Әуелі командалар өздерін таныстыра отырып «Сәлемдесу» кезеңінен әзілдерін бастап жіберді. Сайысқа қатысушылар көптеген қызықты да, шыжықты әзілдерімен курсанттардың құлақтарын елең еткізбей, езулерін сайыс аяқталғанша жиғызбады. Және де КТК-шы курсанттар керемет көріністермен қойылымдар қойып көрермен назарын аулады.
— Сайыс өте керемет ұйымдастырылып жоғары деңгейде өтті. Бізге бүкіл
топтың әзілдері ұнады, жеңіске жеткен 203-204 тобынан құралған «Три-четыре» тобын шың жүректен құттықтаймыз, — деп өз алғыстарын білдірді көрермен курсанттар.

24_04_2

2 курс курсанты
Тұрсынбай Думанжан