Өзіңді туберкулезден қорға!

Ағымдағы жылдың қазан айының 20-шы жұлдызында ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарымен «Өзіңді туберкулезден қорға» атты іс-шара өткізілді. Аталмыш шараны Қостанай облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының ұсынысымен «Ақ көгершін» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерохина Альбина Степановна ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты: курсанттарды туберкулезге қарсы күрес туралы ақпараттылықтандыру және осы ауруды жою бойынша күшті арттыру болып табылады. Аурудың таралуы мен оның алдын алу және емдеу тәсілдеріне назар аударуға шақыру. Сондай-ақ курсанттарға сау болу үшін, салауатты өмір салтын және дене белсенділігін ұстану, үйлесімді тамақтану, жеке және қоғамдық тазалық ережесін сақтау, күнделікті қолыңызды тазалап жуу және тұратын жеріңізді таза ұстау, таза ауаға жиі шығу және де жыл сайын емханадан флюорографиялық тексеруден өтіп тұру қажеттілігі туралы кеңестер айтылды. Шараны түйіндей келе, туберкулезден қорғану үшін сақтық шараларын қолдану, үнемі бөлмені желдету, жөтелгендердің арасында маска тағу, егер екі аптадан артық жөтелсеңіз, кеуде тұсы ауырса, түнде терлесеңіз, демалғанда алқынсаңыз, әлсіздік байқалса, арықтасаңыз, дене қызуы көтерілсе дәрігерге жүгіну керектілігі айтылды.

3 курс курсанты полиция қатарындағы Маликова У.А.

24_03_1

24_03_2

24_03_3