Ардагерлерін ардақтаған магистранттар
(И вновь о юбилее)

Ғылыми және педагогикалық магистратураның магистранттары Академияның 45 жылдық мерейтойы шеңберінде ардагерлермен кездесу дөңгелек үстелін ұйымдастырып, өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына қатысқан Академияның құрметті ардагерлері Борис Михайлович Болотских, Татьяна Николаевна Зюбанова, Бисұлу Биғазқызы Мукажанова және Академия қызметкері Дина Қалиханқызы Альмуханова жастарымызға абыроймен жинаған көпжылдық тәжірибелерімен бөлісіп, жас офицерлерге қызмет атқару барысында Отанға адал қызмет, ар-намыс, жігер, ұлтжандылық туралы  тағылымды ойларды ортаға салды.

Әсіресе, академияда басшылық қызмет атқарған Борис Михайлович жастық шағынан, әскер қатарында болған қызықты оқиғаларымен бөлісіп, кезіндегі жоқшылықтан, қазіргі таңдағы баршылыққа қанағат етуге шақырды.

— Сіздер магистранттар, курсанттар қазіргі таңда барлығы бар тек,

Сіздерге жақсы оқып, академияның жарлығына бағынып, тәрбиелі болып өсулеріңізге барлық жағдайлар жасалған. Сондықтан тегін оқудың, тегін тамақтың, тегін киімнің қадірін біліңіздер. Біз кезінде бір қол жуғышқа кезекке тұрып, және бір бөлмеде 6-7 баладан жатып оқыдық. Ол кезде бір ешкімге кіна артып, шулатпайтынбыз. Барға қанағат тұтып, жоқшылыққа мойын ұсынбай өстік. Соның арқасында абыройлы еңбек атқарып, ел алдында құрметке ие болдық, — деді отставкадағы полковник Борис Болотских.

2016 жылы қабылданған ғылыми педагогикалық магистратураның 1 курс магистранттары Академиямыздың тарихынан сөз қозғап, курсанттарды тәрбиелеуге зор үлес қосқан, өз уақытында курс бастығы қызметін атқарған Мейрам Құлжанұлы Қосанов туралы, әлемге танылған атақты спортшы және ғылымда да ізін қалдырған Руслан Муканов және арамыздан ерте кеткен арнайы кітапхананың бастығы Сәулет Есполқызы Бермухамедова апайымыз туралы бейнесюжеттер дайындап, ол кісілер туралы ұмытылмас естеліктер айтты.

Сонымен қатар Академиямыздың дамуына зор үлесін қосып жүрген, ғылым кеңістігінде де танымал қазіргі басшымыз, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы Қызыловтың еңбек жолы туралы бейнероликтер дайындалып көрсетілді.

Іс-шараны құрметті ардагерлеріміз қорытындылап, әр магистранттың санасына Елге қызмет – ең адал іс екені жөнінде айтып, Қазақстандық полиция қызметкерлерінің оң имиджін, беделін асқақтату үшін ерінбей еңбек етуге шақырды.

 

ЖООКББИ бастығыполиция майоры

Г. Кужабаева

 


Круглый стол, посвященный 45-летию Академии, был подготовлен силами магистрантов научной и педагогической магистратуры.

Данное мероприятие было нацелено на то, чтобы показать и рассказать о людях, которые вложили частичку себя, своей души для становления родных стен альма-матер.

Так, весьма интересными и содержательными были рассказы ветеранов Академии. Б.М.Болотских, Т.Н.Зюбанова, Б.Б. Мукажанова, Альмуханова Д.К. поделились с молодым поколением своим многолетним опытом, рассказали о курьезных случаях, и дали слова наставления молодым сотрудникам, о служении Родине, о чести и достоинстве сотрудников ОВД при выполнении служебных обязанностей.

Магистрантами 1 курса были подготовлены доклады в виде слайдов о людях, которые внесли в процесс становления родной Академии значительный вклад — о начальнике курса – Косанове М.К., о Муканове Руслане — известном спортсмене, который зарекомендовал себя не только как спортсмен с мировым именем, но и как исследователь в мире науки, о Бермухамедовой С.Е. – начальнике специальной библиотеки и всех сотрудниках общей и специальной библиотек.

Также был подготовлен и показан ролик о нынешнем  начальнике Академии – к.ю.н., профессоре, полковнике полиции Кызылове М.А., который внес и продолжает вносить  вклад в развитие  и становление нашего вуза.

В завершении мероприятия были подведены итоги – каждый, будь он курсантом–первокурсником либо сотрудником со стажем, должен добросовестно служить своему делу, Отечеству, не порочить честь мундира, и вносить частичку души в развитие и процветание своей альма-матер – родной Академии!

 

Начальник ИПО

майор полиции

Г. Кужабаева