ҚР мәдениет қайраткерлері, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншілері Қадыр мен Майра Қаржауовтардың шығармашылық кездесуі өтті  

 Батыл жігіт жол бастар,

Ақын жігіт той бастар.

Ертеде қазақтар той-томалақтарды әнші-күйшісіз өткізбеген. Сондай-ақ, қазақтың дәстүрлі неке ғұрпындағы рәсімдерге әншілер арнайы шақырылып, астан кейін әншілерге кезек берілген. Нағыз әншінің әншілік өнерінің танылар тұсы да осы сәт.

10_04_1

Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.

Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс — ән алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі — ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған.

10_04_2

2016 жылғы 6 қазан күні Қостанай облысы бойынша Л.Толстой атындағы кітапханасында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы 211,212 және 314 оқу тобының курсанттары Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткерлері, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншілері Қадыр мен Майра Қаржаовтардың шығармашылық кездесуіне қатысты.

10_04_3

10_04_4

Қадыр мен Майра Қаржауовтар өз шығармашылық жолы, оны қалай бастағаны, 90-шы жылдары қандай қиындықтар кездескені туралы әңгіме айтты және кездесу барысында бірнеше ән шырқады. Еңбек жолдарына деген қызығушылықарын танытып, курсанттар әншілерге бірнеше сұрақ қойды.

10_04_5

10_04_6

Әнші — халық қалаулысы, онсыз ешбір ортаның сәні келмейді. Әнді кең тыныспен, асқақ үнмен, шыңына жеткізе шырқай білу — шеберліктің шырқау биігі, бұл — әншіге қойылатын қатаң талап. Әнші атағын халық берген, қашанда сырт көзбен сыншы болған халық шынайы өнерді бағалағанда лайық көрген өнер иесін әнші деп атаған.

10_04_7

Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап: Құлақтан кіріп, бойды алар

 

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй – деген.

Венера Касенова

314 оқу тобының кураторы

полиция капитаны

 

Сауле Байгабулова

211, 212 оқу топтарының кураторы

полиция майоры

 

Ерик Акимжанов

205 оқу тобының кураторы

полиция майоры