«Қазақшаң қалай, жолдасым?» атты іс-шара өтті

Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар,

Кең даладай жиналмаған шалғайы

Аңқау ашық мінезім бар, аңқылдар

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар ,

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып -ақ алыңдар!

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі — оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл — халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл — әрбір елдің жаны.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып – Қазақ тілі белгіленеді. Осы Заң Қазақстанда тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

Алайда бір күннің ішінде, әрине, Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан ондаған халықтардың бұл бағыттағы жетістіктерін көрсету мүмкін емес. Сондықтан барлық облыстарда тілдер апталықтары, онкүндіктері, айлықтары, фестивальдары өтеді. Еліміздегі бірлік пен келісімді білдіретін шаралар аясында өнер шеберлерінің концерттері, тілдерді меңгеру бойынша конкурстар, дөңгелек үстелдер мен ғылыми конференциялар өтеді. Осыған орай, 2016 жылғы 4 қазан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында жоспарлау және үйлестіру бөлімшесі мен психологиялық жұмыс орталығының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қазақшаң қалай, жолдасым?» атты сайыс өтті.

05_02_1

05_02_2

Сайыс Академияның 1 мен 3 курс курсанттардың арасында өткізілді. Сайыс 5 кезеңнен тұрды :

1 кезең: Таныстыру.

2 кезең: Мақал – мәтел сайысы.

3 кезең: Кім жылдам?

4 кезең: Әріптер сайысы.

5 кезең: Кім тапқыр.

6 кезең: Ойлан тап.

05_02_3

05_02_4

Сайыстың әділ қазылар алқасы ретінде: тілдер кафедрасының  оқытушысы полиция капитыны Сұлтанов Берик Дүйсенұлы, біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының оқытушы-әдіскері полиция капитаны Нуркина Бигуль Амановна, мемлекеттік тілдерді дамыту бөлімінің инспекторы Муканова Айгуль Жақсылыққызы қатысты.

05_02_5

05_02_6

Сайыстың нәтижесі бойынша жеңіпмаздар болып «Жасқыран» тобы
1 курс курсанттары атанды. Оларға Академия бастығының орынбасары атынан мадақтау қағаздары берілді.

05_02_7

 

 

 

Жоспарлау және үйлестіру бөлімшесі

 Психологиялық жұмыс орталығы