«Адамға екі нәрсе тіректегі, бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі»

«Адамға екі нәрсе тіректегі, бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің анна тілі болмақ.Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Біз енді, туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды жеткізе білсек нұр үстіне нұр емес пе?
Тіл мерекесіне орай, 2016 жылдың 30 қыркүйек күні педагогика және психология кафедрасының оқытушылары арасында «Қазақ тілім-байлығым!» атты тәрбие сағаты өтті.

03_07_1

Тәрбие сағатының жүргізушілері педагогика және психология мамандығының 3 курс курсанттары Тұрған Ұлдана мен Ермекбай Әсем болды.

03_07_2

03_07_3

03_07_4

Тәрбие сағаты 3 деңгейден тұрды: таныстыру, мақал – мәтелдерді жалғастыру, көркем сөз оқу. Тәрбие сағатының соңы қызықты ойындармен жалғасын тапты.

 

Педагогика және психология

кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты

Турсумбаева Н.Ж.