«Ана тілім-қасиетім, ардағым»

2016 жылғы 28 қыркүйек күні Қостанай қаласының  Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармониясында ұйымдастырылған  Тілдер мерекесіне арналған іс-шараға Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары  Е.Т.Каппасовтың басшылығымен 50 курсант, 2 жетекші, тіл бөлімінің инспекторы қатысып келді.

30_02_1

Бұл іс-шара Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қостанай облысының 80 жылдығы  және  Ы.Алтынсаринның 175 жылдығына орай  Облыстық Тіл орталығымен ұйымдастырылды.

Атаулы іс-шараны Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Алексеевич Карплюк құттықтау сөзімен ашты.

Ортаға  әр ұлттың өкілдері  шығып қазақ, орыс, украин ,әзірбайжан, ағылшын және т.б.тілдерде амандасты.

30_02_2

Тәуелсіз еліміздің дамуына өз үлесін қосу үшін білімін шыңдап жүрген жастардың бірі — «Тілдарын» клубының мүшесі, Қостанай  мемлекеттік педагогикалық институтының  3 курс студенті Ольга Тихова «Тілдарын» клубы туралы қысқаша мәлімет жасады.

Сонымен қатар әр ұлттан сахнаға балабақшаның балалары, мектеп оқушылары шығып әр  тілде өлеңдер оқып шықты.

30_02_3

Іс-шарада  Мендіқара ауданынан вокалды тобы «Березка» украин тілінде , Федоровка ауданынан келген Камзина Дина шешен тілінде, Рудный қаласынан келген вокалды дуэт армян тілінде, Әулиекөл ауданынан Кострова Кристина молдаван тілінде әндерін шырқап, өнерлерін ортаға салды.

30_02_4

Облысымыздың әр сала қызметінде атқаратын қызметкерлер  туған тілдің абыройын асқақтатқан, тіл дамыту саласына елеулі үлестерін  қосқан үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің  құрмет грамоталарымен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып, бағалы сыйлықтармен  бағаланды.

30_02_5

Мереке соңында барлық қатысушылардың  қазақ тілінде «Отаным» атты әнін орындалуымен  аяқталды.

30_02_6

Мемлекеттік тіл бөлімшесінің

инспекторы А.Муканова