«Мектептегі қауіпсіздік»

Жақында «Қазақстан Республикасындағы балалардың 2015 жылғы жағдайы туралы» 2016-2017 жылдарға арналған баяндамада көрсетілген  ұсынымдар мен тұжырымдарды іске асыру және ведомствоаралық іс-қимыл жоспарының орындау бойынша ІІО-дағы әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі  А.И. Исмаилованың жетекшілігімен «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқып жатқан 3 курс (Мұратқали А., Абуханов М., Көшірбаева Ж., Есенов Н.) курсанттарының қатысуымен Қостанай қаласы
№ 10 орта мектебінің 4,5,8 сыныптар оқушыларының арасында «Мектептегі қауіпсіздік» атты тәрбиелеу-түсіндіру жұмысы  өткізілді.

28_07_1

Осы тақырыпқа байланысты салауатты өмір салты мен жолда жүру ережелерін сақтау жөніндегі сұрақтар қарастырылды.

28_07_2

8 сынып оқушыларына  есірткімен шылым шегудің зияны жайлы курсанттармен дайындалған бейнебаян көрсетіле отырып, сұхбат өткізілді. Ал 4 және 5 сынып оқушыларына сұхбаттасу бағдаршамның пайда болу тарихынан басталды. Оларға қосымша жұмбақтар қойылу арқылы оқушылырдың жолда жүру ережелерін қаншалықты білуі және сақтауы жайлы білдік. Көрсетілген бейнебаяндарда жолда жүру ережелерін сақтамау салдары жайында анық көрсетілген.

28_07_3

№ 10 орта мектептің оқушылары өзінің белсенділігімен ерекшеленіп, салауатты өмір салты мен жолда жүру ережелерін сақтау жөніндегі өздерінің білімдерін көрсетіп, Академия курсанттарының алдағы уақытта тағыда келетіндіктеріне уәде берді.

28_07_4

ІІО-дағы әлеуметтік жұмысты

ұйымдастыру кафедрасының

аға оқытушысы

 полиция подполковнигі  А.И. Исмаилова