Кітапханадағы тілдер күні

2016 жылдың 27 қыркүйегінде Академияның кітапхана қызметкерлері Қазақстан халықтарының Тілдер күніне арналған «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырып, 1-2 курс курсанттарымен кездесу өткізді.

28_03_1

Курсанттармен бірге, взвод кураторлары З.М. Сүйеубаева, Р.Б. Қалиярова, Д.Т.Меңдібаева және ғылыми зерттеу орталығының қызметкерлері Г.Б. Қожмұхамедова, Ш.Ж. Толқынбаеваларда көрмеге қойған материлдарды зерделеп, тақырыпқа сай өз ойларын білдірді.

28_03_2

Көрермендер кітапхана қызметкерлерінің тақырыпқа сай жасаған кітап көрмелерін тамашалап, қызметкерлердің еңбектеріне көңілдері толды.

28_03_3

Көрменің «тақырыптық» деп аталу себебі, аталмыш көрмеге  еліміздегі тілге қатысты жарық көрген мақалалар, заңдар және кітаптар және журналдармен көмкерілген.

28_03_4

Осы тақырыпты қорытындылай келе, көрмеге қатынасушылар рухани байлыққа қол жеткізгендей болды. Бұл іс-шараға қатысқандардың барлығының ойында, жүрегінде осы тақырыптың мағынасы ұзақ уақытқа дейін сақталады деген сенімдеміз. Өйткені барлығымыз осы кездесу барысында жақсы әсер алдық. Тіл қарым-қатынасқа ғана емес – бұл елдерді жақындастыратын және әр халықтың ой – санасын нұрландыратын, қызықтыратын құрал деген пікірге келдік .

 

 Академияның кітапхана

меңгерушісі С. Әмірова