Академия басшылығы Тәжікстан Республикасының медалімен марапатталды

2016 жылғы 27 қыркүйек күні ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының саптық алаңында Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызыловтың қатысуымен салтанатты жиын өтті.

27_01_1

Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы барша академиялықтармен жағымды, әрі қуанышты хабарымен бөлісті. Ол қуаныш Тәжікстан Республикасы Әділет министрлігінің  Академия басшылығын және Академияның оқу орны болып құрылғанына 45 жыл толу мерейтойымен құттықтап, Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызыловты және Академия бастығының кадр және тәрбие жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Ербол Қаппасовты «Тәжікстан әділетіне 90 жыл» атты мерейтойлық медальмен марапатталғаны еді.

27_01_2

Қос медаль жеке және ауыспалы құрам алдында салтанатты түрде қос полковниктің омырауына тағылды. Бұл мерейтойлық медаль екі елдің арасындағы тығыз қарым-қатынастық және жақсы әріптестіктің нышаны ретінде беріліп отыр.

27_01_3

Негізі бұл медаль Қостанай академиясы үшін өте маңызды, ерекше құрметке ие. Өйткені 2008 жылдан бері сол кездегі атауы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Академиясы Тәжікстан Республикасы Әділет министрлігі мекеме және орган қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және білім сапасындағы әріптестікті күшейту және өзара түсіністік туралы халықаралық Келісімді жүзеге асыру мақсатында Тәжікстан Республикасының азаматтарын білім нәрімен сусындап келе жатыр. Осы күнге дейін 50-ден астам Тәжікстан азаматы аталмыш білім ұясынан жоғары білім алып шықты. Биылдың өзінде Тәжікстанның 10 курсанты Академияның қабырғасына оқуға қабылданды. Міне осылай қазақ елінің жақсылығын түсінген Тәжік елі, Академия басшылығын қос медальмен марапаттады.

Бізде ерен еңбектері еленген басшыларға құттықтау айтып, болашақта жемісті еңбектері жана берсін демекпіз.

27_01_4

27_01_5

27_01_6

27_01_7

27_01_8

27_01_9

27_01_10

27_01_11

27_01_12

27_01_13