Дәстүрлі емес діндердін қоғамға деген әсері

Діни секталардың арбауына түспеу үшін не істеу керек?
Басқа елдерден келген діни конфессиялардың Қазақстанға үгіт-насихат жұмыстарын жасаудағы мақсаты не? Қазақстандағы ұлттарға қажеті бар ма? Олардың іс-әрекеттері мемлекеттің заңдарына қайшы емес пе? Жастардың болашағына, мемлекеттің қауіпсіздігіне, саяси тұрақтылығына нұқсан келтірмей ме?

26_02_1

Міне, осындай сұрақтар кез-келген азаматтың, елдің қамын, болашағын, мемлекеттің тұтастығын, ынтымақтастығын ойлаған саналы тұлғаның ой толғандыратын мәселесі. Академия курсанттарына осы көкейтесті сұрақтарға жауп беру үшін ақпараттық түсіндіру жұмыс аясында, әдейі іс-сапармен Астана қаласы діни істер жөніндегі комитеттің жүргізуші ғылыми қызметкері Марлен Жүнісұлы Муслимов келді.

26_02_2

26_02_3

«Қазіргі таңда діни секталарға өтіп кеткен жастар көп. Мұны жастардың діни сауатының төмендігінен, фундаменталды білімнің жоқтығынан, ой- өрісінің тарлығынан деуге болады. Сол секталарға өтіп кеткен жастарды ауыл болса ауыл ақсақалдарын, қала болса дінтанушы ғалымдарды, мешіт имамдарын шақырып, олармен сұхбаттасып, нақтылы дәйектермен дәлелдеп, алған бетінен қайтуды өз санасымен мойындап қабылдауы керек», дей келе,  Марлен Жүнісұлы курсанттар мен офицерлердің сұрақтарына жауап бере келе, тартысты пікірталас ұйымдастырды.

26_02_4

26_02_5

26_02_6

Дін — мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық — дәстүрлі діндерінің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық.

Әлеуметтік-гуманитарлық

пәндер кафедрасы

22.09.2016ж.