“Қан тапсырып-өмір сыйла”

21_04_1

2016 жылдың 19-қыркүйегінде ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атыңдағы Қостанай академиясында “Қан тапсырып-Өмір сыйла” атты еркін түрдегі қан тапсыру науқаны өтті. Бұл акцияға бүкіл академия курсанттарының басым көпшілігі қатысып, соның ішінде 2 курс курсанттары да ат салысты.

Курсанттар қаншама қанға зәру жандарды, қаншама бүлдіршіндердің қанға, әсіресе онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға міндетті түрде қан құю қажет екендігін ескеріп, қуана-қуана игі іс атқарып, еркін түрде қан тапсырды, және олар донор болуға лайықты болашақ полицей офицерлері екендігін көрсетті.

Еске сала кетсек, Қостанай академиясы қан тапсыру орталығымен бірлесіп жұмыс атқарыпаталған акцияға жыл сайын қатысып келуде және бұл игі іс өз жемісін қанға зәру ауру жандарға өмір силап, өмірдің қуанышын ұғындырды.

21_04_2

21_04_3

 

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Мадияр  Маратов