Жанұя күніне байланысты іс-шара өтті

16_01_1

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қырқүйек айының екінші жексенбісі «Жанұя күні»  болып белгіленген.

Жанұя – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Жанұя белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы болып табылады. Отбасында бала алғаш реет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиеніңең басты бөлігі. Біздің елімізде, жанұя — отбасылық қоғамымыздың, мемлекеттігіміздің бұзылмас қайнар көзі әрі тірегі.

Отанға деген сүйіспеншілік жанұяға деген сүйіспеншіліктен бастау алады. Отбасындағы тәрбие – болашақтағы салауатты өмір мен халқымыздың жарқын болашағының кепілі.

Отбасылық татулықты, рухани байлықты нығайту мемлекеттіміздің бастапқы әрі негізгі мақсаты.

16_01_2

Мерекені атап өтуге байланысты Қазақтан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2-3 курс курсанттары полиция майоры Е.Акимжанов, полиция майоры С.Байгабулова мен полиция капитаны В. Касенованың ұйымдастыруымен Қостанай облысы жетім балаларға арналған №2 түзеу мектеп-интернатындағы мерекелік іс-шараға қатысты.

16_01_3

Мектеп тәрбиеленушілері келген қонақтарға концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

16_01_4

16_01_5

16_01_6

Академия курсанттары балалардың қолдан жасаған еңбектерін тамашалап қайтты.

16_01_7

Одан басқа мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Анжелика Кусмановна Калимованың ұйымдастыруымен балалардың тұрмыс жайлары және мектеп кітапханасына, асханасына, психология кабинетіне, хореография залына, шахмат клубына экскурсия өткізді.

16_01_8

16_01_9

16_01_10

16_01_11

Мектеп тәрбиеленушілері өздерінің қонақжайлылықтарын көрсетіп, Академия курсанттарының келуіне өте қуанышты сезіммен қарады. Курсанттар болашақта осындай іс-шараларды көбірек өткізетіндерін айтты.

 

 

Ерик Акимжанов

205 оқу тобының кураторы

полиция майоры

Сауле Байгабулова

211, 212 оқу топтарының кураторы

полиция майоры

Венера Касенова

314 оқу тобының кураторы

полиция капитаны