Құрметті Мирлан Ахмедияұлы!

11_03_1

Сізді және Сіз басқарып отырған ұжымды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшылығы, Ардагерлер кеңесі, профессорлық-оқытушылық құрамы атынан және өз атымнан шын жүректен Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 45 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Осы мерзім ішінде Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы еліміздің қазіргі кездегі құқық қорғау жүйесіне мамандарды даярлайтын оқу орталығына айналды. Оған аталған оқу орнының оқытушылары және қызметкерлері зор үлесін қосып келеді.

Мемлекет басшысы білім беру жүйесінің дамуына баса назар аударып отыр. Еліміздің барлық ішкі істер органдары жүйесіндегі жұмыстың тиімділігі ведомстволық білім беру сапасына байланысты.

Оқу орнына қойылған міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы қазіргі заманғы инфрақұрлыммен және материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Онда білікті мамандарды даярлау жүйесі қалыптасқан, кәсіптік оқытуды, жастарды патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеуді ұйымдастырудың айтарлықтай тәжірибесі бар. Оқу орталығының түлектері бүгінгі таңда ішкі істер органдарында лайықты қызмет атқаруда.

Сіз қызметтік жолыңызды КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің курсантынан бастап, қызметтік ісіңізде жоғары жетістіктерге қол жеткіздіңіз және халықтың алдында бедел мен құрметке ие болдыңыз.

Сізбен көптеген жылдар бойы мұраттас, қызметтес болып жүргендіктен өзіңізді жақсы білеміз. Сіз Қарағанды академиясында қызмет атқарған кезіңізде адал еңбек етудің лайықты үлгісі болдыңыз. Қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірдің бұлтарысы көп, бұралаң ұзақ жолында таңдаған мамандығыңыздың қыры мен сырын шебер меңгеріп, бүгінде өз лауазымыңызда қалтқысыз қызмет атқарып келесіз.

Құрметті Мирлан Ахмедияұлы, білім ордасының айтулы күні Сізге және Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұжымына зор денсаулық, алға қойған мақсат, мүдделеріңіздің ойдағыдай орындалуын, отбасыларыңызға құт-береке, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Отанымыз – Қазақстан Республикасын одан әрі өркендету жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін.

 

Ізгі тілектермен,

Қазақстан Республикасы ІІМ

Б.Бейсенов атындағы

Қарағанды академиясының

бастығы   

полиция генерал-майоры   Д. Кенжетаев