Әділет департаментінің қызметкерлерімен кездесу

Жақында Қостанай облысының Әділет департаментімен Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарымен әділет органдарының құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша кездесу өткізілді. Әділет органдарының басты қызметтеріне сот актілерінің орындалуы бойынша, заңды тұлғаларды  және  жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және халыққа құқықтық көмек көрсету бойынша түсіндірілді.

11_02_1

Кездесу барысында Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткішін жақсарту, бәсекелестікке қабілетті мемлекеттердің 30- на кіру, Дүниежүзілік банк «Doing Business» ұйымының рейтингін жақсарту жөніндегі қолданылатын іс-шаралар туралы айтылды.

11_02_2

Кездесу барысында қатысқан курсанттар әр түрлі құқықтық сұрақтар қойды және де қажетті жауаптар мен кеңестер берілді.

11_02_3

Кездесудің соңында Әділет департаментінің қызметкерлері кітапшалар мен «Құқықтық мемлекетті бекіту және азаматтық қоғамды дамыту жағдайында құқықтық мәдениеттің қалыптасуы» атты кітаптарды Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қорына ұсынды.

 

Кураторлар:

полиция майоры

Акимжанов Е.С.

 

полиция капитаны

Ақылбекова А.Б.

 

полиция аға лейтенанты

Қаражан А.

 

Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы

полиция полковнигі

Құрманғалиева Б.Х.

 

2 курс бастығының орынбасары

 

полиция аға лейтенанты

Майшин Т.