Астана туған күнің құтты болсын!!!

05_01_2

2016 жылғы 5 шілде Астана күніне орай,  ҚР ІІМ Қостанай академиясының акт залында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

05_01_1

05_01_3

05_01_5

Салтанатты іс шарада Академия бастығы полиция полковнигі М. Қызылов барша қызметкерлерді аталмыш мерекемен құттықтап, бір топ офицерге кезекті арнайы атақтарын берді.

Мирлан Ахмедияұлы өз құттықтауында;

  • Құрметті әріптестер және курсанттар! Отанымыздың жүрегі – Астана күні – мемлекеттік мереке болып саналады.! Бұл – Астана тұрғындары үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін айтулы күн.

Астана күні – жалпы ұлттық сипатқа ие мерекеге, халықтың асыға күтетін зор қуанышына айналып үлгерді. Дегенмен, жастығына қарамастан Астананың бүгінгі бағындырған биіктері мен жеткен жетістіктері жетерлік.

05_01_7

05_01_8

Астана – бірлік пен берекенің, Отанымыздың телегей табыстарының символы, Қазақстан халқы қол жеткізе алатын шексіз мүмкіндіктердің жарқын үлгісі. Астана тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытты. Сіздерді халқымыздың мақтанышы, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің нышанына айналған – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Барлықтарыңызға мықты денсаулық, бейбітшілік пен береке, Отанымыз Қазақстанның игілігі жолында жаңа жеңістер тілеймін!

Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі –  Астананың жұлдызы әрқашан жарық болсын!, — деді.

Академияның ақыны курсант Құдайберген Телман  өз жүрегінен шыққан жыр шумақтарын әсем қаламыз Астанаға арнап, барша жұртқа оқып берді;

05_01_6

Ұлыңмын мен нұрыңа сенің шомылған,

Жеңіл сипап маңдайымен тұлымнан.

Бірлігімнің символына айналып,

Астана елордам болып құрылған.

Мен жырлайын ендеше сен жайында,

Сендегі бір сүйсініп тал қиыңға.

Болсын менің сый сыбағам беретін,

Арнайым мен өлең жазып бұл тойыңа.

Асем білем жұлдыз көрер түндігі,

Жарасатын ынтымақпен бірлігі.

Бас болған бұл елімнің қаласы,

Астана Еуразияның кіндігі.

Есіл өзен бойлап ағат өзіңде,

Байтерек бар байқар көзіңе.

Осындай бір сұлулықты көргенде,

Қырсау болмас мендегі бір төзімге .

Арман болып елімдегі жастарға,

Қалалардың сұлтаны боп бас қала.

Арман қала әсем қала шіркін-ай.

Туған күнің құтты болсын АСТАНА!!!

Іс шара соңында мың бұралған бишілер би билеп, жезтаңдай әншілер ән айтып, көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады.

05_01_11

05_01_10

05_01_9

 

Академияның баспасөз хатшысы

Мейрам Оспанов