Курсанттар  «Журналистер мерекесіне» байланысты экскурсияға қатысты

Елімізде 28 маусым байланыс және ақпарат қызметкерлері күні аталып өтеді. Қызығы мен шыжығы мол, қауіпті де қызықты мамандықтың иелері осы күнді жыл сайын асыға күтеді. Міне биылда Қостанайда осы мереке өз деңгейінде аталып өтті. Ол облыстық «Қазақстан-Қостанай телеарнасының баспасөз клубында өткен телеарнаның 25 жылдық мерейтойын айтуға болады.

28_04_8

Аталмыш мерейтой иелерін ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылары және курсанттары да құттықтап, ізгі ниеттерін және сый- сияпаттарын көрсетіп  қайтты.

28_04_10

Жұртшылықтың алдында құттықтау сөз алған;

-Сізді және Сіздің ұжымыңызды кәсіби мерекелеріңіз – Баспасөз, телевизия, радио күнімен және «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының құрылғанына 25 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

28_04_9

Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп.

Бүгінгі таңда жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы журналистік сөзге байланысты екені даусыз.

28_04_12

Облыстың билік органдары мен БАҚ арасында қалыптасқан қарым-қатынастың сындарлы сипат алғанын атап өткім келеді.

28_04_14 28_04_13

Академияның қоғамдағы беделі мен имиджін арттыруға қосқан қомақты үлестеріңізді зор қуанышпен айтқым келеді. Сіздер әрқашанда халық пен биліктің арасындағы алтын көпір болып, адалдық танытып жүре беріңіздер.

28_04_15

28_04_16

28_04_11

Сізге және Сіз басқарып отырған ұжымның отбасыларына бақыт, дендеріңізге саулық, адал еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілеймін! –деді, Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов.

28_04_1

Көпшіліктің құттықтауларынан кейін Академия басшылары мен курсанттар телеарнаның қызметкерлері телеарнаның тарихымен таныстырды. Олардың айтуынша телеарна Тәуелсіздік жылдарынан бастау алып, бүгінгі күнге дейін көптеген мұрағаттарды түсіріп, сақтап келген.

28_04_2

Курсанттарды өз мұражайларымен таныстырып, ішін аралатып студия құрылғалы бері пайдаланып келе жатқан аппараттар, фотосуреттер, кітаптар, газет-журналдар т.б. телеарнаның тарихи бұйымдарымен таныстырды.

28_04_3

Сонымен қатар кітапханадағы қазақтың ең бағалы кітаптары, таспа дисктерге жазылған «Қазақтың 1000 әңі-1000 күйі», «Батырлар жырлары», «Елбасы жолы» және т.б. бағалы әдеби кітаптармен сусындатты.

28_04_4

Әрі қарай  журналистер телеарна бағдарламалары түсірілетін студияларды, монтаждау бөлмелерін, гримдеу және әрлеу бөлмесін т.б. көрсетті. Студия ішінде «Тобыл таңы» атты бағдарлама түсірілетін студияны курсанттар қатты ұнатып өздерін теледидардан көргендей бір сәт қуанышқа бөленді.

28_04_5

Бұл журналистер мерекесіне және Телеарнаның 25 жылдығына байланысты өткізіліп жатқан іс-шараға қаланың барлық өңірінен қонақтар келіп, өз сыйлықтарын құттықтауларымен бірге ұсынып жатты.

28_04_6

Курсанттар бұл эксурсиядан көптеген мәліметтермен танысып, студия жәдігер-мұрағаттарын көріп, көргендерін ойларына тоқыды.

28_04_7

Академия басшылығы «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының ұжымын құттықтағаннан кейін, басқа да республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының Қостанай облысындағы тілшілерінде құттықтады.

 

 

Ерик Акимжанов

105 оқу тобының кураторы

полиция майоры