Академиядан 140-тан астам түлек қанат қақты

Бүгін 25 маусым күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үшін мамандарды,  «полиция лейтенанты» офицерлік шенін беріп, салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Салтанатты іс шараға Астана қаласынан Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Мейрам Аюбаев, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің ректорының кеңесшісі генерал- майор Михайл Юсипович Дәуенов, Қостанай облысы ардагерлерінің төрағасы Кенжебек Үкіұлы Укин және де басқа да құрметті қонақтар, ата-аналар қатысты.

Келген қонақтар өздерінің ақжарқын тілектерін білдіріп, жас офицерлерге сәттілік тіледі.

Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов құттықтау сөз сөйлеп, полиция лейтенанттарына жұмыстарына табыс, Академияның атағын жақсы жағынан шығаруға тілектестік білдірді.

Мирлан Ахмедияұлы өз сөзінде:

Биылғы түлектер үшін 2016 жыл өте маңызды. Өйткені биылғы түлектердің салтанатты оқу бітіруі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Қостанай облысының 80 жылдығына және Шырақбек Қабылбаев атындағы Академиямыздың 45 жылдық мерейтойларына сәйкес келіп отыр. Елбасымыз «100 нақты қадам – Ұлттық жоспарында» Сіздердің тәжірибелік қызметте орындайтын міндеттеріңізді атап көрсетті. Сіздердің идеологиялық бағдарларыңыз «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі болуы керек. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады – бұл «Мәңгілік Елдің» жеті негіздерінің бірі екенін атап өтті.Ішкі істер Министрінің бұйрығына сәйкес сіздерге алғашқы офицерлік шен – полиция лейтенанты берілді. Сіздер құқықтық тәртіпті қорғайтын нағыз құрметті, нағыз қажетті мамандықты таңдадыңыздар. Сіздер өмір жолдарыңыздың жаңа кезеңін бастағалы тұрсыздар. Отанға қызмет ету жолын таңдағандарыңыз үшін мен үлкен құрметпен қараймын. Біздің мемлекетіміздің гүлденуі мен дамуына әрқайсыңыздың үлес қосатындарыңызға сенімім мол, — деді.

 

Іс шара бағдарламасында салтанатты сап түзеу, дипломдарды табыстау, курсанттар мен карабиншілер тобының көрнекі шығарылымы, офицерлік вальс және саптық маршпен өту рәсімдері болды. Биыл Академияны 140-тан астам курсант тәмәмдады.

Соңғы қоңыраудың салтанатты кешінен кейін Академияның курсанттарынан құрылған «Шырақбек» атты хор тамылжытып Академияның ән ұранын орындады.

Бізде оқуларын ойдағыдай аяқтап, елге адал қызмет ететін жас офицерлерге сәттілік тілейміз. Жорытқанда жолдарын болсын.

25_01_6

25_01_17

 

25_01_15

25_01_14

 

25_01_12

25_01_11

25_01_8