ҚАН ТАПСЫРУ – ӨМІР СЫЙЛАУ!

16_02_1

Ағымдағы жылдың маусым айының 15-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары Қостанай облыстық балалар ауруханасында жатқан III-IV дәрежеде күйікке шалдыққан 5 жастағы Чертанов Сергей Александровичке көмек беру үшін облыстық қан тапсыру орталығына барып қан тапсырды.

16_02_2

16_02_3

Кездейсоқ апатқа тап болып, күйікке шалдығып, ауыр жарақат алған Чертанов Сергейге I-ші топтағы қан қажет болды. Осыны ескерген Академияның курсанттары мен офицерлері игі іс атқарып, өз қалауларымен қан тапсырып көмек көрсетті.

16_02_4

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бірнеше жылдар бойы облыстық қан тапсыру орталығымен бірлесіп жұмыс атқарып келеді. Академиямыздың қабырғасында жыл сайын көптеген қан тапсыру акциялары өткізіліп отырады.  Бірақ осы жолғы қан тапсыру рәсімінде  кішкентай сәбиімізге үлкен көмегін тигізіп, оның қатарымызға қосылып кетуіне үлкен үміттеміз.

16_02_5

Кішкентай ғана сәбидің өміріне араша болуға ниеттеніп, өтеусіз қан тапсырған барлық курсанттарға үлкен алғысымызды айтамыз!

16_02_6

 

3 курс бастығының орынбасары

полиция лейтенанты  М.О.Қабылдин