Пробация қызметінің қызметкерлерімен кездесу

Пробация – бір жағынан алғанда жазалау шарасы, екінші жағынан алғанда, аталған қылмыстық жазаны орындау жүйесі болып табылатын күрделі әлеуметтік-құқықтық институт. Шартты түрде түрмеге қамаумен салыстырғанда, сот бас бостандығынан айыруды тағайындаған кезде, сосын оның орындалуын белгілі бір мерзімге қалдырса, пробация тағайындауы жағдайында үкім шығарудың өзі пробация кезеңіне қалады. Пробациялық бақылау мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, қылмыстық әрекеттің қайталануының алдын алу, шартты түрде сотталғандардың жалпы қабылданған әлеуметтік, моральдық және құқықтық нормаларын сотпен және заңмен белгіленген міндеттерін орындауды бақылау жолымен жүргізу.

2016 жылғы 6 маусым күні Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушылары — Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Зеленовское аудандық №2 пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны Кадирулы Айдарбек және Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Тараз қаласы №2 пробация қызметінің инспекторы, әділет аға лейтенанты Дәулетқұлов Дәуренбек Еркінұлымен  Күндізгі оқыту факультетінің 214 оқу тобының курсанттарымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығы теориясында қылмыстық жазаның бас бостандығынан айырудың негізгі балама түрлері, бас бостандығынан айыруға балама жазалардың мақсаты, әлеуметтік функциясы, мазмұны, негізі және оларға жетудің құралы,  қоғамдық жұмыс түрінде жазаларды атқарумен байланысты сұрақтар,  түзеу жұмысы түрінде жазаларды атқарумен байланысты сұрақтар, бас бостандығынан шектеуге сотталғандарға пробациялық бақылауды жүзеге асырумен байланысты сұрақтар, кәмелетке толмағандарға қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды атқаруды құқықтық реттеумен байланысты сұрақтар және тағы да басқа көптеген сұрақтар қарастырылып, курсанттар назарына ұсынылды.

Тәжірибесі мол біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары курсанттарды қызықтырған  сұрақтарға толық түсінікті жауап берді. Кездесу өз мақсатына жетті.

 

 

В. Касенова

топ кураторы

полиция капитаны