ІІО тәлімгерлері мен жас қызметкерлерінің слеті өтті

2016 жылдың 9-11 маусым күндері, Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған еліміздің бүкіл облыстарынан 100-ге жуық ІІО тәлімгерлері мен жас қызметкерлері қатысқан слет өтті.

Аталған іс шараның алғашқы күні ҚР ІІМ Ұлттық гвардияның  әскери институттының алаңында арнайы техника мен соңғы үлгідегі қару жарақтың көрмесімен таныстырылды.

Қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан Ғазиз Есімовтің атына арналған жас қызметкерлер аллеясының салтанатты ашылуына қатысып Академия қызметкерлер атынан жас көшеттерді отырғызу ісіне ат салыстық.

ІІД кинология қызметі орталығы мен «Достық» алаңында орналасқан ІІД мұражайын тамашаладық.

«Так сложились звезды» атты ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызметтік жолы туралы түсірілген кинофильмнің тұсаукесері көсетілді және басты рөлді сомдаған Берик Айтжанов, Алдабек Шалбаев, Гани Кульжанов и Жаннат Куанышева сынды әртістер тобымен кездесу өтті.

ҚР ІІМ Кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Р. Курумбаев, өткізіліп отырған іс шара тәлімгерлер мен жас қызметкерлерге арнайы ұйымдастырылып отыр деп атап өтті.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің кәсібімен мақтануына, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, таңдаған мамандығымен қуануға қалыптастыру.

Тәлімгердің тәліміне тамсанатын осындай іс-шаралар көптеп ұйымдастырылса қызметіне қызығатын жас мамандардың саны көбейетініне сеніміміз мол.

        

Тәрбие бөлімінің бастығы

полиция полковнигі

Б. Құрманғалиева