«Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларын орындау барысында пробация қызметі» атты дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылдың 10 маусым күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Ғылыми-зерттеу орталығымен «Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларын орындау барысында пробация қызметінің жергілікті атқарушы органдарымен, мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттесуінің проблемалы сұрақтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына Қостанай облыстық прокуратурасының, Қазақстан Республикасының БП ҚСжАЕ алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасының, Қостанай облысы әкімдігінің, Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің, Қостанай облысы бойынша ІІД жергілікті полиция қызметінің, Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің модераторы ретінде Академияның әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Д.А. Ким болды.

Алғашқы құттықтау сөзді Академия бастығының орынбасары заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі А.Ж. Нурушев алып, дөңгелек үстелге қатысып отырғандарға құрметін білдіріп, қатысушылардың  жұмысына табысты және жемісті болуын тіледі.

Пробация қызметі есебінде тұрған тұлғаларына әлеуметтік-құқықтық көмегін көрсету процесінде жергілікті атқару органдарымен және үкіметтік емес ұйымдарының рөлі туралы және олардың өзара әрекеттесуі барысында туындайтын проблемалы мәселелері бойынша баяндамасымен Академияның ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Г.Б. Кожмухамедова сөз алды. Сонымен бірге қатысушылар, дөңгелек үстелдің күн тәртібіне өздерінің баяндамаларымен қатысты. Дөңгелек үстелдің жұмыс барысы белсенді талқыланып, шақырылғандардың қызығушылығын туғызды. Дөңгелек үстелдің жұмысын қорытындылай келе ұсынымдар жобасын әзірлеу  қарастырылды.



Ғылыми-зерттеу орталығы