«Жігіт сұлтаны» сайысы өтті

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің оңы болады,- демекші, қазақ халқы ертеден ер баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Олар-болаттай берік, бір-біріне серік болатындай батыл бола білген. Сонымен қоса, елдікке ұмтылған ерлеріміз жұртым деп жұтылып, елім деп ерік – жігерін аямаған. Қазіргі таңдағы өскелен ұрпағымыздың бойындағы осы бір ерік-жігерлікті, батырлықты, шешендікті, алғырлықты байқау, оны паш ету мақсатында «Педагогика және психология» кафедрасының апталығы және кураторлық сағат аясында 2016  жылдың 27 мамырында академиямызда КОФ 1 курс қазақ топтары арасында «Жігіт сұлтаны» сайысы өтті.

30_01_1

30_01_2

Дүбірлі доданы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты «Өнер» кафедрасының оқытушысы Наурызбай Амирхамзин  жарыстың бет ашары ретінде, қазағымыздың қара домбырасынан күмбірлете күй төгіп, жігіттерімізді бір серпілтіп, сәттілік тілеп ашып берді.

30_01_3

Сайысқа тоғыз оқу тобынан, өнерімен тамсандырған, бірінен бірі озатын сайыпқыран жігіттер қатысты. Үш бөлімнен тұратын сайыстың көркін қыздырып, көрермендердің көңілінен шығу үшін сарбаздарымыз бар өнерлерін ортаға салып, түрлі сынақтардан өтті.

30_01_4

30_01_5

«Жігіттің сұлтаны» – талантты да сымбатты және күшті, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт болуы шарт. Үміткерлердің әрқайсысы осы талаптардың әр қырынан ерекшеленіп жатты.

30_01_6

Өзге жігіттерден дараланып, барлық шартқа сай негіздерді көрсете білген, қазылар алқасының көңілінен шыққан «Құқық қорғау» мамандығы бойынша 102 оқу тобының курсанты  Уәли Дәулет «Жігіт сұлтаны-2016» атағына иеленді.

30_01_7

Өзге қатысушылар да кейінгі жүлделі орындарды бөлісіп, номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды.

 
 
 

Педагогика және психология

кафедрасының оқытушысы

Абдықалықов Б.Т.

102 оқу тобының кураторы

Сабырбеков Ж.А.

107 оқу тобының кураторы

Игликова С.Д.

108 оқу тобының кураторы

Турсумбаева Н.Ж.