Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары арасында спартакиада басталды

28_04_1

2016 жылғы 27-29 мамыр аралығында ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Ішкі істер министрлігіне қарасты жоғары оқу орындары арасында спартакиада ұйымдастырылды. Оған еліміздің әр облысынан келген (Ақтөбе заң институты, Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты, ІІМ-нің Қостанай оқу орталығы және Ш. қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 командасы)  5 команда, 200-ге таяу спортшылар қатысып, спорттың 4 түрінен (волейбол, баскетбол, шағын футбол, жеңіл атлетика) жарысқа түсті.

28_04_2

Жарыс үш күнге созылады. Бүгін жарыстың салтанатты ашылуы Академияның саптық алаңында өтті. Ашылу салтанатында Академияның бастығы, полиция полковнигі Мирлан Қызылов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

28_04_3

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, спартакиадаға сақадай сай келген спортшылар жарысты бастап та кетті.

28_04_4

Жарыс қорытындысы 28 мамыр күні шығады. Кім мықты, кім жеңімпаз екенін  жарыс қорытындысынан кейін жариялаймыз.