Халық қалаулысы Академияда

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Парламентінің Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Байсейітұлы Ақылбай Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында арнайы болып, Академияның жеке және ауыспалы құраммен кездесті.

28_02_1

Кездесу барысында Академияның бастығы, полиция полковнигі Мирлан Қызылов Серік Байсейітұлын Академияның жеке құрамына таныстырып, ол кісінің өмірі жайлы айтып берді.

28_02_2

Әңгіме аясында Серік Ақылбай қазіргі таңдағы Парламент қызметінің жағдайымен таныстырып, атқарылып жатқан келелі істер туралы айтып берді. Сөз арасында өзінің өмірінен де сыр шертіп, қарапайым электрслесарінен, қазіргі халық қалаулысы лауазымына дейін қалай жоғарлағаны жөнінде сыр шертті. Осының барлығы ерен еңбектің арқасы екенін айта отырып, барлық жастарды, болашақ офицер курсанттарды еңбекқор болуға шақырды.

28_02_3

Академияда болған Сенатор қазіргі уақытта ел ішінде жер мәселесін ту еткен арандатушылар туралы өз ойын ортаға салып, олардың теріс пиғылды әрекеттеріне алданбай, ел бірлігін сақтауға шақырды.

Әңгімесін әрі қарай жалғаған Серік Байсейітұлы құқық қорғау саласындағы жаңалықтарды айтты.

  • Бүгінгі біздің елдің өркендеп, басқа ауқатты елдермен терезесін

теңестіріп жатқан Қазақ еліне, сұқ көздерін салып, ел ішінде іріткі салатындар жетеді. Өйткені біздің елде кәсіпкерлерге, қарапайым халықтың кәсіппен айналысуына барлық жағдай жасалған. Бізге бәріде қызығады. Елдің тыныштығын білген өзге елдің азаматтары елге келіп, кәсіпкерлігін дөңгелетіп жатыр. Бұл дегеніңіз кәсіп үшін, қазақ елі оларға «жұмақ» деген сөз, деді- бір сөзінде халық қалаулысы.

28_02_4

Кездесу соңы офицер мырзалар мен курсанттардың көкейде жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алумен аяқталды.