Теория мен тәжірибе ұштасқан іс-шара

                                                                  «Жеке тәжірибе — ұлы іс,

                                                                  ол санада терең із қалдырады»

                                                                                                    Б. Момышұлы

Тәжірибелік бағытты дамыту — болашақ мамандарды дайындаудағы міндеттердің бірі, оның шешімі кәсіби оқытудың негізгі мазмұны мен әдістерін анықтауда. Болашақ мамандарды дайындауының тәжірибелік бағыты арнайы тарап ретіндегі кәсіби біліктілік — кәсіби оқытудың жоғары дәрежесі.

27_04_1

Қылмыстық-атқару жүйесінің болашақ мамандарын оқыту мен дайындауында тәжірибелік бағыт-бағдарға және өзіндік ізденіске көңіл бөлінген. Мұндай бағдарлар әртүрлі нысанда өткізіледі. Нәтижесінде курсанттар алынған теориялық білімдерін тәжірибеде бекітуді үйреніп, болашақ қызметтеріне бейімделу үрдісін бастайды.

27_04_2

2016 жылдың 25-26 мамырында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің өзекті мәселелері бойынша КОФ 2-3 курс курсанттары және магистратура тыңдаушылары арасында «Үздік бейнесюжет» байқауы өткізілді.

27_04_3

Кафедра отырысында талқыланып, мақұлданған бейнесюжеттер назарға ұсынылды. Әділқазылар алқасымен және көрермендермен бағаланып, келесі орындар берілді:

1 орын — Талдыбаев А. (1 курс магистранты);

2 орын — Нұрмаш Е. (2 курс магистранты);

3 орын — Хон Л. (1 курс магистранты)

 

ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны  Р. Калиярова