ТІЛІ БІРДІҢ – ТІЛЕГІ БІР облыстық жастар форумы  

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Тілі бірдің – тілегі бір» атты жастар форумы 27 мамыр күні «Мирас» мәдениет үйінде өтті. Аталған форумда Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Арман Әбенов біздің өңіріміздегі мемлекеттік тілдің дамуына белсенді ат салысып жүрген бірқатар жастарды құттықтап, марапаттады.

27_03_1

Жастар – еліміздің болашағы. Бұны айқын ұғынатын жігерлі жастар бойына білім жинап, болашаққа батыл қадам жасайды. Оны форум жұмысында баяндама жасаған жастардың жалынды сөздерінен де анық аңғардық. Қазақ, орыс және ағылшан тілдерін еркін меңгерген білімді ұрпақ өздерінің жүрекжарды лебіздерімен бөлісті.

Форумның жұмысы одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты. Қазақ тілінде шырқалған патриоттық әндер барлық қатысушылардың көңілінен шықты.

27_03_2

Маңызы айрықша осындай мерекелік шараға қатысу мүмкіндігі күндізгі оқыту факультетінің 1-курсында оқитын курсанттарға ұсынылды.

27_03_3

Жастарымыздың белсенділігін, олардың білімдерін шыңдау – мемлекет алдында тұрған міндеттердің бірі болып қала бермек.

 

Құрбанәлі Елмұратов,

Мемлекеттік тіл

бөлімшесінің бастығы