Рязаньдағы ғылыми тағылымдама

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының  ғылыми және педагогикалық магистратураның 1 курс магистранттары 2016 жылғы 23 мамырдан бастап Ресей Федерациясы Рязань қаласындағы Жазаларды орындау федералдық қызметінің Құқық және басқару академиясында  ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.

25_02_1

Ыстық ықыласпен  қарсы алған көрші еліміздегі әріптестеріміз бірінші күннен бастап магистранттарымызға Академия аумағын таныстыру экскурсиясынан бастап кетті. Магистратура тыңдаушылары оқу орнының материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базасымен танысты.

25_02_5

Қызықты болғаны жоғары академиялық курстарға бару, педагогикалық шеберлік кабинеттері, «ҚАЖ маман-полиграфологы» оқу полигоны, бай кітапханалары, курсанттардың казармаларымен танысу болды.

25_02_3

Сонымен қатар, магистранттар спорттық кешенде өткен оқу сабақтарына қатысып, Академияның қызметі туралы фильмін тамашалады.

25_02_4

Күннің соңында ЖОФҚ Академиясының басшылығымен кездесу өтті, онда магистранттарымыз Ресейдің Жазаларды орындау федералдық қызметі Академиясының бастығы ішкі қызмет генерал-лейтенанты А.А. Крымовқа, ғылыми ұйымдастыру бөлімінің бастығы ішкі қызмет подполковнигі С.Д. Аверкинге Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы атынан алғыс хаттарды және әріптестерге еліміз бен Академияның нышандары бар сыйлықтарын тапсырды.

25_02_2  Міне осылай ресейлік әріптестерімізбен өткізген бірінші күніміз қызықты да танымды болды.

 

Ғылыми және педагогикалық

   магистратураның 1 курс магистранттары

 

 

 

Научная стажировка в Рязани.

С 23 мая 2016 года магистранты научной и педагогической магистратуры Костанайской академии имени Ш. Кабылбаева проходят научную стажировку в Рязанской Академии права и управления ФСИН России. В первый день пребывания для магистрантов  была проведена ознакомительная экскурсия по территории Академии. Слушатели ознакомились с материально-технической и учебно-методической базой вуза.

Интересным было посещение  высших академических курсов, кабинетов педагогического мастерства, учебного полигона  «специалист- полиграфолог УИС», библиотеки  и казармы курсантов.

Также магистранты присутствовали на учебных занятиях в спортивном комплексе. В актовом зале  был продемонстрирован фильм о деятельности Академии.

В завершении первого дня пребывания в Рязанской Академии была проведена встреча  руководства Академии ФСИН, на которой магистранты вручили благодарственные письма от имени руководства Костанайской академии – начальнику Рязанской академии ФСИН России, генерал-лейтенанту внутренней службы Крымову А.А., и начальнику организационно-научного отдела, подполковнику внутренней службы Аверкину С.Д., а также презенты для коллег с символикой нашей страны, Академии.

Вот таким интересным и насыщенным был первый день знакомства с коллегами-россиянами.

 

Магистранты 1 курса научной и

педагогической магистратуры.