Жайдарлы «Жайдарманның» шыңын бағындырған курсанттар

2016 жылдың 20 мамырында Қостанай қалалық балалар шығармашылық мектебінде Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ Қостанай КТК филиалының ұйымдастыруымен Жайдарман ойындарынан Республикалық «Торғай» орталық лигасының ¼ ойындары өткізілді. Ойын 6 команданың («Бәсеке» — Астана қ., «Формат» — Ақтөбе қ., «Алты Қарасу жастары» — Ақтөбе обл., «Көшіп келгендер» — Қостанай ауд., «Ару.кz» — Арқалық қ., «Ішкі Істер құрамасы» — Қостанай) қатысуымен, 3 сайыс бойынша өткізілді.24_02_1

Аатлмыш ойын  «Қазақстан – Қостанай» телеарнасының 25 жылдық мерейтойына арналды. Осы телеарнаның демеушілігімен өткізіліп, тележобаға түсірілді.

24_02_2

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Ішкі Істер құрамасы» көрермендерді күлкіге қарық қылып, ойын қорытындысы бойынша 2 орынға иеленіп жартылай финал ойындарына жолдама алды.

                 

Тәрбие жұмысы бөлімі